КАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ТЫЙЫМДАР: МЕКТЕПТЕ НЕГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ?
16.10.2026
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ТЫЙЫМДАР: МЕКТЕПТЕ НЕГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ?
🏫 Мектеп — білім алып, достар тауып, дамитын және бір-бірімізді құрметтеуді үйренетін орта. Мұнда әр оқушының қауіпсіздігі мен тәртібі маңызды!
❌ Мектепте неге жол берілмейді?
🔹 Буллингке, қорлауға және кемсітуге жол берілмейді.
🔹 Ұрыс-керіс, қоқан-лоқы көрсетуге және зорлық-зомбылық жасауға.
🔹 Темекі шегу, электронды темекі пайдалану, алкоголь ішу және тыйым салынған заттарды қолдануға.
🔹 Ұялы телефонды мектептің ішкі тәртібі мен белгіленген талаптарына қайшы пайдалануға.
🔹 Мектеп формасына және ішкі тәртіп ережелеріне қойылатын талаптарды бұзуға.
🔹 Мектеп мүлкін бүлдіру және айналадағыларға құрметсіздік танытуға.
💙 Басты қағида: өзіңді құрметте, өзгелерді сыйла және мектеп ережелерін сақта!
✨ Есіңде болсын: мектеп мәдениеті әрқайсымыздан басталады. Бірге қауіпсіз, жайлы әрі білім алуға қолайлы мектеп қалыптастырайық!