Қазақстан Республикасы күніне арналған сынып сағаты

20.10.2025

9 «В» сыныбында 25 қазан – Қазақстан Республикасының күніне орай сынып сағаты өткізілді.

Оқушылар мерекенің тарихымен танысып, бұл күннің еліміз үшін неліктен маңызды екенін білді. Әңгіме барысында олар тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы бірлік, отансүйгіштік және азаматтық жауапкершіліктің маңызын талқылады.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, өз Отанымен мақтануға тәрбиелейді.

Просмотров: 3064


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу